Ақмола облысының Шортанды ауданының Новокубанка селолық округі әкімінің 2008 жылғы 27 наурыздағы № 5 "Новокубанка селосының көшелерінің атауын өзгерту туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы Новокубанка селолық округі әкімінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 10 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 тамызда № 4958 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2009 жылғы 9 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес Новокубанка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының Шортанды ауданының Новокубанка селолық округі әкімінің 2008 жылғы 27 наурыздағы № 5 «Новокубанка селосы көшелерінің атауын өзгерту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-18-50 тіркелген, 2008 жылдың 3 мамырында аудандық «Вести» және «Өрлеу» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе сөзбасында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сөздер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       Р.Мардан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады