Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қантарындағы Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы Заңының 14 бабының 4) тармағына және, Шортанды ауданының тілдер саясаты және онамастика жөніндегі комиссиясының 2007 жылғы 3 шілдедегі № 3 шешімі, Новокубанка селосы тұрғындарының 2007 жылғы 15 маусымдағы жиынының № 9 хаттамасыны сәйкес Новокубанка селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Шортанды ауданы Новокубанка селолық округі әкімінің 23.07.2015 № 10 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Новокубанка селосының төмендегі көшелерінің атаулары
өзгертілсін:
Первомайская көшесі Абая көшесіне;
Советская көшесі Сәкен Сейфулин көшесіне;
Мира көшесі Бейбітшілік көшесіне;
Грейдерная көшесі Кенесары көшесіне.
2. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа кіреді.
Әкім И.Смаилов
КЕЛІСІЛДІ:
Шортанды ауданының "Мәдениет
және тілдер дамыту бөлімі"
Мемлекеттік мекемесінің
бастығы Т.Бартош