1. Тоқмансай селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2009 жылғы 08 қазандағы № 2 "Тоқмансай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3-3-89 тіркелген, 2009 жылғы 08 желтоқсандағы аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3,2 бөлігіне," сөздері алынып тасталынсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тоқмансай ауылдық округі әкімі | Н. Жалашев |