"Тоқмансай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" 2009 жылғы 08 қазандағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 58 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 қарашада № 4578 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал енгізу туралы" Конституциялық заңына сәйкес, Алға ауданының Тоқмансай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тоқмансай селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2009 жылғы 08 қазандағы № 2 "Тоқмансай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3-3-89 тіркелген, 2009 жылғы 08 желтоқсандағы аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3,2 бөлігіне," сөздері алынып тасталынсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тоқмансай ауылдық округі әкімі Н. Жалашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады