Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Хлебодар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хлебодар селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Хлебодар селолық округі әкімінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 1 "Хлебодар селолық округіне қарасты жаңа тұрғын үй көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-76 болып тіркелген, 2009 жылғы 25 ақпанда "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
шешімнің атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Хлебодар ауылының көшелеріне атау беру туралы";
шешімнің кіріспесіндегі ", Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталсын;
орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы "село" сөзі "села" сөзімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің мәтінінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
2) Хлебодар селолық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1 "Хлебодар селолық округі көшелерін атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-139 болып тіркелген, 2011 жылғы 8 желтоқсандағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
шешімнің атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Хлебодар ауылының көшелерін қайта атау туралы";
орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы "в улицу", "в переулок" сөздері "на улицу", "на переулок" сөздерімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Хлебодар ауылдық округiнің әкiмi | Р. Ильясова |