Сарыжар ауылдық округі көшелерін қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 31 қазанда № 3-8-139 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округі әкімінің 19.01.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округі әкімінің 27.02.2017 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "Хлебодар", "селолық" сөздері "Сарыжар", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округі әкімінің 27.02.2017 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Сарыжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округі әкімінің 19.11.2018 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Сарыжар ауылындағы келесі көшелерінің атаулары:

      1) Советская көшесі - Жеңіс көшесі;

      2) Ленин көшесі - Әйтеке би көшесі;

      3) Овражная көшесі - Бірлік көшесі;

      4) 70 лет Октября көшесі - Тәуелсіздікке 20 жыл көшесі;

      5) Тополинный тұйық көшесі - Бәйтерек тұйық көшесі;

      6) Гвардейский көшесі - Ардагерлер тұйық көшесі;

      7) Солнечный тұйық көшесі - Күншуақ тұйық көшесі;

      8) Мир көшесі - Бейбітшілік көшесі;

      9) Северный тұйық көшесі - Солтүстік тұйық көшесі;

      10) Коммунистическая көшесі - Теміржол көшесі;

      11) Молодежный тұйық көшесі - Жастар тұйық көшесі;

      12) Школьный тұйық көшесі - Мектеп тұйық көшесі;

      13) Зеленый тұйық көшесі - Жасыл ел тұйық көшесі;

      14) Степной тұйық көшесі - Кең дала тұйық көшесі;

      15) Стадионная көшесі - Ойын алаңы көшесі деп өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы С.А.Жолмаганбетоваға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыжар ауылдық округінің әкімі Б.И. Мулькаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады