Сарыжар ауылдық округі көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 1 шешімі. Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 10 ақпанда N 3-8-76 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің мәтінінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округі әкімінің 19.01.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округі әкімінің 27.02.2017 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "Хлебодар", "селолық" сөздері "Сарыжар", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округі әкімінің 27.02.2017 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрлысы туралы" Заңының 14, 16 баптарына сәйкес Сарыжар ауылдық округінің әкімі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округі әкімінің 27.02.2017 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Сарыжар ауылының жаңадан салынған көшелеріне "Желтоқсан", "Жаңа қоныс", "Жағалау", "Төлеген Айбергенов", "Нұрпейіс Байғанин", "Жаңа талап" деген атаулар берілсін.
      2. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сарыжар ауылдық округі әкімі: Мулькаев Б.И.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады