1. Мұғалжар селосының әкімінің 2011 жылғы 25 қазандағы №16 "Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының көше атауын қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-156 тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашасында аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі шешімнің кіріспе бөлімінде "пункт 2 статьи 16" сөздері "пункта 2 статьи 16" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауында "көше" сөзі "көшелер"
сөзімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Мұғалжар ауылының төмендегі көшелері:
Карьерная көшесі – Кеншілер көшесі
Привокзальная көшесі – Теміржолшылар көшесі
Центральная көшесі – Құлқай Әулие көшесі
Школьная көшесі – Ынтымақ көшесі
Советская көшесі – Достық көшесі
Заводская көшесі – Зауыт көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар ауылының әкімі | Ғ.Дәрімбетов |