Мұғалжар селосының әкімінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 16 "Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының көше атауын қайта атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар аулының әкімінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 наурызда № 4232 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес Мұғалжар ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мұғалжар селосының әкімінің 2011 жылғы 25 қазандағы №16 "Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының көше атауын қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-156 тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашасында аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      орыс тіліндегі шешімнің кіріспе бөлімінде "пункт 2 статьи 16" сөздері "пункта 2 статьи 16" сөздерімен ауыстырылсын;
      шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауында "көше" сөзі "көшелер"
      сөзімен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Мұғалжар ауылының төмендегі көшелері:
      Карьерная көшесі – Кеншілер көшесі
      Привокзальная көшесі – Теміржолшылар көшесі
      Центральная көшесі – Құлқай Әулие көшесі
      Школьная көшесі – Ынтымақ көшесі
      Советская көшесі – Достық көшесі
      Заводская көшесі – Зауыт көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мұғалжар ауылының әкімі Ғ.Дәрімбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады