Ескерту. Шешімнің тақырыбына өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімінің 06.02.2015 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, 16 бабының 2 тармағына сәйкес және Мұғалжар ауылы тұрғындары конференциясының хаттамасының негізінде Мұғалжар ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мұғалжар ауылының төмендегі көшелері:
Карьерная көшесі – Кеншілер көшесі
Привокзальная көшесі – Теміржолшылар көшесі
Центральная көшесі – Құлқай Әулие көшесі
Школьная көшесі – Ынтымақ көшесі
Советская көшесі – Достық көшесі
Заводская көшесі – Зауыт көшесі деп қайта аталсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімінің 06.02.2015 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар ауылының әкімі | Ғ.Дәрімбетов |