Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7-бабының 5-4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, Хромтау аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Хромтау ауданында арнайы нысаналы топтарына жататын азаматтар үшін, уақытша жұмыс орындарын құру арқылы әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
2. Хромтау ауданының еңбек нарығындағы қажеттілігіне сәйкес, меншік түріне қарамастан әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бөлінген жергілікті бюджет қаражаты шегінде жұмыс берушілер берген қажеттілікке сәйкес, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша орналастыру үшін жолдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Д.Аспеновке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | А.Усмангалиев |
Хромтау аудан әкімдігінің | |
2015 жылдың 03 ақпандағы | |
№ 43 қаулысының қосымшасы |
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырушы жұмыс берушілердің тізбесі
Р/н | Мекеменің атауы | Мамандық (кәсібі) | Берілген сұраныс | Жоспарланған жұмыс орны саны (адам) | Жоспарланған жұмыс мерзімі (ай) | Төлем ақының айлық мөлшері, (теңге) | Жергілікті бюджеттен ішінара төленетін төлем ақының айлық мөлшері |
1 | "Алена" ПИК | Тазалаушы | 6 | 4 | 6 | 30000 | 15000 |
Сыпырушы | 6 | ||||||
Сантехник | 2 | ||||||
2 | "Аида" ПИК | Слесарь | 3 | 5 | 6 | 30000 | 15000 |
Жұмысшы | 12 | ||||||
3 | "Тілашар" ЖК | Көмекші | 1 | 1 | 6 | 30000 | 15000 |