Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 226 қаулысы

      Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің төмендегі:
      1) 2015 жылғы 3 ақпандағы № 43 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" (Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 ақпандағы № 4212 тіркелген, аудандық "Хромтау" газетінде 2015 жылы 3 наурызда № 9 жарияланған);
      2) 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 32 "Хромтау ауданында жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" (Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 ақпандағы № 4203 тіркелген, аудандық "Хромтау" газетінде 2015 жылы 25 ақпанда № 8 жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының көшірмелері мүдделі органдарға жолдансын.
      3. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолдынысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің м.а С. Шілманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады