Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 03 ақпандағы № 43 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 ақпанда № 4212 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 226 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 13.07.2015 № 226 қаулысымен (қабылданған күннен бастап қолдынысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7-бабының 5-4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, Хромтау аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Хромтау ауданында арнайы нысаналы топтарына жататын азаматтар үшін, уақытша жұмыс орындарын құру арқылы әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
      2. Хромтау ауданының еңбек нарығындағы қажеттілігіне сәйкес, меншік түріне қарамастан әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бөлінген жергілікті бюджет қаражаты шегінде жұмыс берушілер берген қажеттілікке сәйкес, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша орналастыру үшін жолдасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Д.Аспеновке жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі А.Усмангалиев

  Хромтау аудан әкімдігінің
  2015 жылдың 03 ақпандағы
  № 43 қаулысының қосымшасы

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырушы жұмыс берушілердің тізбесі

Р/н
Мекеменің
атауы
Мамандық (кәсібі)
Берілген сұраныс
Жоспарланған жұмыс орны саны (адам)
Жоспарланған жұмыс мерзімі (ай)
Төлем ақының айлық мөлшері, (теңге)
Жергілікті бюджеттен ішінара төленетін төлем ақының айлық мөлшері
1
"Алена" ПИК
Тазалаушы
6
4
6
30000
15000
Сыпырушы
6
Сантехник
2
2
"Аида" ПИК
Слесарь
3
5
6
30000
15000
Жұмысшы
12
3
"Тілашар" ЖК
Көмекші
1
1
6
30000
15000

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады