1. Шалқар ауданы Бозой селолық округінің әкімінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 7 "Елді мекендерге көше атауларын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-105 санымен тіркелген, 2009 жылдың 27 мамырында аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" деген сөздер алынып тасталсын.
шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бозой ауылдық округінің әкімі | Ж. Шамбалаев |