Шалқар ауданы Бозой селолық округі әкімінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 7 "Елді мекендерге көше атауларын беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 15 ақпандағы № 09 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 наурызда № 4221 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Шалқар ауданы Бозой ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шалқар ауданы Бозой селолық округінің әкімінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 7 "Елді мекендерге көше атауларын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-105 санымен тіркелген, 2009 жылдың 27 мамырында аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" деген сөздер алынып тасталсын.
      шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бозой ауылдық округінің әкімі Ж. Шамбалаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады