Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы" сөздері "Есет Көтібарұлы" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 20.05.2015 № 4 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Есет Көтібарұлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Есет Көтібарұлы селолық округі әкімінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 16 "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлелекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-102 санымен тіркелген, 2009 жылғы 30 наурызында аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес Есет Көтібарұлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ"
шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.
Ескерту. 1 тармаққа өзерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 20.05.2015 № 4 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есет Көтібарұлы ауылдық округінің әкімі: | А. Муратов |