Көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 16 шешімі. Ақтөбе облысының Шалқар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 30 наурызында N 3-13-102 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 12.01.2015 № 1 шешімі (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 04.04.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 12.01.2015 № 1 шешімі (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Есет Көтібарұлы ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Байқадам ауылының көшелеріне атау берілсін.
      1) Есет Көтібарұлы көшесі Ұлт-азаттық көтерілістің көсемі, ауылдық округ атауы.
      2) Ідіріс Үргенішбаев көшесі Кеңес одағының батыры, жерлесіміз.
      3) Абай Құнанбаев көшесі Қазақ халқының ұлы ақыны.
      4) Төлеу Бәсенов көшесі Еңбегі сіңген архитектор, жерлесіміз.
      5) Ұран Бақтыбай көшесі Халқымыздың аты ұранға шыққан батыры.
      6) Қайдауыл Едігеұлы көшесі Жерлесіміз, ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі.
      7) Әлия Молдағұлова көшесі Кеңес одағының батыры, шығыстың қос шынарының бірі.
      8) Қазақай көшесі Халық арасына ислам дінін, имандылық ұрығын таратушы.
      2. Есет Көтібарұлы ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Алақозы елді мекенінің көшесіне атау берілсін.
      1) Тәуелсіздік көшесі Еліміздің тәуелсіздігі құрметіне.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Есет Көтібарұлы ауылдық округінің әкімі: М. Оразалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады