Өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Алматы облысының мемлекеттік орман қорында болуына тыйым салу және орманды пайдалану құқығын шектеу туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 270 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 21 шілдеде № 3295 болып тіркелді.

      2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15-бабы, 63-бабына сәйкес, "Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бекітілген бұйрығына сәйкес, Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту Кіріспе жаңа редакцияда - Алматы облысы әкімдігінің 21.08.2023 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Алматы облысының мемлекеттік орман қорында өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың орман аумағында болуына тыйым салынсын және орманды пайдалану құқығы шектелсін.

      Ескерту 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы әкімдігінің 21.08.2023 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 маусымдағы "Өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Алматы облысының мемлекеттік орман қорында болуына тыйым салу және орманды пайдалану құқығын шектеу туралы" №184 (2014 жылдың 20 маусымында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне №2755 тіркелген, "Жетісу" газетінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 73 және "Огни Алатау" газетінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 73 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      Ескерту 4-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы әкімдігінің 21.08.2023 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

А. Баталов


О запрещении пребывания физических лиц и об ограничении права лесопользования на территории государственного лесного фонда Алматинской области в период высокой пожарной опасности

Постановление акимата Алматинской области от 29 июня 2015 года № 270. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 21 июля 2015 года № 3295.

      В соответствии со статьей 15, статьей 63 "Лесного кодекса" Республики Казахстан, "Правил пожарной безопасности в лесах" утвержденных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 октября 2015 года № 18-02/942, акимат Алматинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Сноска. Преамбула в редакции постановления акимата Алматинской области от 21.08.2023 № 279 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      1. На территории государственного лесного фонда Алматинской области в период высокой пожарной опасности в лесах запретить пребывание физических лиц и ограничить право лесопользования.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления акимата Алматинской области от 21.08.2023 № 279 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Признать утратившим силу постановление акимата Алматинской области от 2 июня 2014 года №184 "О запрещении пребывания физических лиц и об ограничении права лесопользования на территории государственного лесного фонда Алматинской области в период высокой пожарной опасности" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 20 июня 2014 года за № 2755, опубликованное в газете "Жетысу" 24 июня 2014 года № 73 и в газете "Огни Алатау" 24 июня 2014 года №73).
      3. Возложить на руководителя государственного учреждения "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Алматинской области" опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет ресурсе акимата области.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.
      Сноска. Пункт 4 в редакции постановления акимата Алматинской области от 21.08.2023 № 279 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области А. Баталов