Өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Алматы облысының мемлекеттік орман қорында болуына тыйым салу және орманды пайдалану құқығын шектеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 02 маусымдағы № 184 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 20 маусымда № 2755 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 270 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 29.06.2015 № 270 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 15-бабындағы 11) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы "Ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы" № 1726 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысының мемлекеттік орман қорында өрт қаупі жоғары кезеңде (2014 жылдың 15 қазанына дейін) жеке тұлғалардың орман аумағында болуына тыйым салынсын және орманды пайдалану құқығы шектелсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбекұлы Досымбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Мұсаханов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков
      Облыстың табиғи
      реурстар және табиғатты
      пайдалануды реттеу
      басқармасының басшысы Сайлау Жухаев
      Алматы облысының
      Төтенше жағдайлар
      департаментінің бастығы Сәбит Кенжеханұлы Битаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады