2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15-бабы, 63-бабына сәйкес, "Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бекітілген бұйрығына сәйкес, Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту Кіріспе жаңа редакцияда - Алматы облысы әкімдігінің 21.08.2023 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Алматы облысының мемлекеттік орман қорында өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың орман аумағында болуына тыйым салынсын және орманды пайдалану құқығы шектелсін.
Ескерту 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы әкімдігінің 21.08.2023 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 маусымдағы "Өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Алматы облысының мемлекеттік орман қорында болуына тыйым салу және орманды пайдалану құқығын шектеу туралы" №184 (2014 жылдың 20 маусымында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне №2755 тіркелген, "Жетісу" газетінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 73 және "Огни Алатау" газетінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 73 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Ескерту 4-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы әкімдігінің 21.08.2023 № 279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |