Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 270 "Өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Алматы облысының мемлекеттік орман қорында болуына тыйым салу және орманды пайдалану құқығын шектеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 тамыздағы № 279 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 тамызда № 6025-05 болып тіркелді

      Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы әкімдігінің "Өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Алматы облысының мемлекеттік орман қорында болуына тыйым салу және орманды пайдалану құқығын шектеу туралы" 2015 жылғы 29 маусымдағы № 270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3295 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:


      "2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15-бабы, 63-бабына сәйкес, "Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бекітілген бұйрығына сәйкес, Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:


      "1. Алматы облысының мемлекеттік орман қорында өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың орман аумағында болуына тыйым салынсын және орманды пайдалану құқығы шектелсін.";

      көрсетілген қаулының 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:


      "4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Алматы облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі М. Султангазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады