Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы мәслихатының 29.06.2018 № 24-9 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 506 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 14 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындауға төлемақы ставкалары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін төлемақы ставкалары 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Аңшылық шаруашылығының қажеттіліктері үшін, ғылыми–зерттеу, мәдени–ағарту, туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттарда мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану үшін төлемақы ставкалары 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде дәрілік өсімдіктерді жинау және дайындау үшін төлемақы ставкалары мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қамысты жинау және дайындау үшін төлемақы ставкалар 4 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
5. "Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 32-8 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1776 болып тіркелген, "Ақ жол" газетінде 2011 жылдың 28 сәуірінде № 69-70 (17 359-17 360) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың | Облыстық |
мәслихаттың | сессия төрағасы хатшысы |
С. Қалманбетов | Б. Қарашолақов |
Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 38-11 "Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын бекіту" туралы шешіміне келісу парағы.
"Келісілді"
Жамбыл облысы бойынша
мемлекеттік кірістер
департаментінің басшысы
А. Тынысбеков
2015 жыл.
"Келісілді"
Жамбыл облыстық орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі аумақтық
инспекциясының басшысы
Қ. Кемелов
2015 жыл.
Жамбыл облыстық аслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 38-11 шешіміне 1 қосымша |
Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындауға төлемақы ставкалары
№ | Қосалқы ағаш ресурстары | Өлшем бірлігі | Ресурстарды дайындау үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш) |
1 |
Аққайың: |
тонна |
0,016 |
2 |
Емен: |
тонна |
0,041 |
3 |
Қарағаш: |
тонна |
0,014 |
4 |
Терек: |
тонна |
0,011 |
Жамбыл облыстық маслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 38-11 шешіміне 2 қосымша |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін төлемақы ставкалары
№ | Пайдалану түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы ставкасы (теңге) |
1 | Ара ұялары мен омарталар орналастыру | 1 ұя | 120,3 |
2 |
Мемлекеттік орман қоры аумағында шөп шабу: |
1 гектар |
196,3 |
3 |
Мемлекеттік орман қоры аумағында мал жаю: |
1 гектар |
144 |
4 | Аң өсіру | 1 гектар | 239,9 |
Жамбыл облыстық маслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 38-11 шешіміне 3 қосымша |
Аңшылық шаруашылығының қажеттіліктері үшін, ғылыми–зерттеу, мәдени–ағарту, туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттарда мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану үшін төлемақы ставкалары
№ | Орман пайдаланудың түрлері | Өлшем бірлігі | Төлемақы ставкалары |
Ұзақ мерзімге пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін) | |||
1 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылық қажетіне пайдалану | 1 гектар | 0 тенге |
2 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру мақсатына пайдалану | 1 гектар | 60,1 теңге |
3 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, туристік және спорттық мақсатында пайдалану | 1 гектар | 239,9 теңге |
Қысқа мерзімге пайдалану (1 жылға дейін) | |||
4 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсатында пайдалану | 1 күн | 0,1 айлық есептік көрсеткіш |
Жамбыл облыстық маслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 38-11 шешіміне 4 қосымша |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде дәрілік өсімдіктерді жинау және дайындау үшін төлемақы ставкалары
№ | Өсімдіктің атауы (қазақша) | Шикізат түрі | Нарықтық бағасы теңге 1 килограмм үшін | Төлемақы ставкаларының деңгейі % | Есептелген төлемақы ставкаларының соммасы, теңге |
1 | Дәрілік жалбызтікен | Тамыры | 900 | 20 | 180 |
2 | Бөрі қарақат | Тамыры Жапырағы Жемістері | 1500 | 30 | 450 |
3 | Құмды бесмертник (цмин) | Гүлдері | 800 | 30 | 240 |
4 | Алқызыл долана | Гүлдері Жемістері | 180 | 20 | 36 |
5 | Күмәнді валериана | Тамыры | 3000 | 20 | 600 |
6 | Айланшөп таран | Шөп | 1000 | 30 | 300 |
7 | Биік андыз | Тамыр | 1500 | 20 | 300 |
8 | Дәрі түйе жоңышқа | Шөп | 1500 | 30 | 450 |
9 | Кәдімгі жұпаргүл | Шөп | 800 | 30 | 240 |
10 | Шілтер жапырақ шаңкурай | Шөп | 800 | 30 | 240 |
11 | Қосүйлі қалақай | Жапырағы | 1000 | 30 | 300 |
12 | Кәдімгі өгейшөп | Гүлдері Жапырағы | 800 | 30 | 240 |
13 | Дала жалбыз | Шөп | 800 | 30 | 240 |
14 | Дәрі бақбақ | Тамыры | 3000 | 20 | 600 |
15 | Кәдімгі түймешетен | Гүлдері | 800 | 30 | 240 |
16 | Дала таушымылдық | Тамыры | 1500 | 20 | 300 |
17 | Үлкен бақа жапырақ | Жапырағы | 800 | 30 | 240 |
18 | Ашщы жусан | Шөп жапырағы | 700 | 30 | 210 |
19 | Дәрілік ромашка | Гүлсебеті | 1320 | 30 | 396 |
20 | Кәдімгі мыңжапырақ | Шөп | 800 | 30 | 240 |
21 | Дала қырықбуыны | Шөп | 800 | 30 | 240 |
22 | Сасық кереуік | Тамыры | 2000 | 20 | 400 |
23 | Үштармақ итошаған | Шөп | 700 | 30 | 210 |
24 | Шөлдік шалфей | Жапырағы | 700 | 30 | 210 |
25 | Итмұрын раушан | Жемістері | 1000 | 20 | 200 |
26 | Сұңғыла | Тамыры | 546 | 30 | 163 |
27 | Мия тамыры | Тамыры | 209 | 30 | 62 |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қамысты жинау және дайындау үшін төлемақы ставкалары
№ | Өсімдіктің атауы (қазақша) | Шикізат түрі | Нарықтық бағасы теңге 1 шаршы метр | Төлемақы ставкаларының деңгейі % | Есептелген төлемақы ставкаларының соммасы, теңге |
28 | Қамыс | Өзегі | 594 | 20 | 118 |