РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексінің 587 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 14 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға төлемақы ставкалары 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға негізделген жанама орман пайдалану үшін төлемақы ставкалары 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Аңшылық шаруашылығының қажеті үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарда облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану үшін төлемақы ставкалары 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде дәрілік өсімдіктерді, қамыс пен саңырауқұлақтарды жинау және дайындау үшін төлемақы ставкалары 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5. "Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын бекіту" Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 38-11 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 15 шілдесінде № 2699 тіркелген, 2015 жылдың 18 шілдесінде "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың | Облыстық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
М. Сәрсенов | Б. Қарашолақов |
Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы "Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" № 24-9 шешіміне келісім парағы
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі комитеті Жамбыл облыстық
орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі
аумақтық инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ М. Сатыбалдин
"29" маусым 2018 жыл.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі мемлекеттік кірістер
комитеті Жамбыл облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
басшысы
________________К. Исаков
"29" маусым 2018 жыл.
Жамбыл облысы маслихатының 2018 жылғы "29" маусымдағы № 24-9 шешіміне 1 қосымша |
Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға төлемақы ставкалары
№ | Қосалқы сүрек ресурстары | Өлшем бірлігі | Ресурстарды дайындау үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Аққайың: | ||
қабық | тонна | 0,016 | |
бұтақтар | тонна | 0,032 | |
жапырақтар | тонна | 0,008 | |
бүршіктер | килограмм | 0,048 | |
томарлар | тонна | 0,024 | |
тамырлар | тонна | 0,016 | |
2 | Емен: | ||
қабық | тонна | 0,041 | |
бұтақтар | тонна | 0,082 | |
жапырақтар | тонна | 0,021 | |
бүршіктер | килограмм | 0,123 | |
томарлар | тонна | 0,062 | |
тамырлар | тонна | 0,041 | |
3 | Қарағаш: | ||
қабық | тонна | 0,014 | |
бұтақтар | тонна | 0,028 | |
жапырақтар | тонна | 0,007 | |
бүршіктер | килограмм | 0,042 | |
томарлар | тонна | 0,021 | |
тамырлар | тонна | 0,014 | |
4 | Терек: | ||
қабық | тонна | 0,011 | |
бұтақтар | тонна | 0,022 | |
жапырақтар | тонна | 0,006 | |
бүршіктер | килограмм | 0,033 | |
томарлар | тонна | 0,017 | |
тамырлар | тонна | 0,011 |
Жамбыл облысы маслихатының 2018 жылғы "29" маусымдағы № 24-9 шешіміне 2 қосымша |
Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға негізделген жанама орман пайдалану үшін төлемақы ставкалары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облыстық мәслихатының 26.09.2019 № 38-14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Пайдалану түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы ставкалары (теңге) | ||||||
1 | Ара ұялары мен омарталар орналастыру | 1 ұя | 127 | ||||||
2 | Мемлекеттік орман қоры аумағында шөп шабу: | ||||||||
сапалық жай-күйі жақсы | 1 гектар | 207 | |||||||
сапалық жай-күйі қанағаттанарлық (орташа) | 1 гектар | 155 | |||||||
сапалық жай-күйі қанағаттанғысыз (төмен) | 1 гектар | 121 | |||||||
3 | Аң шаруашылығы (өсіру) | 1 гектар | 239 | ||||||
4 | Мемлекеттік орман қоры аумағында мал жаю: | ||||||||
Жануарлар топтары | Ірі қара | Ұсақ мал | |||||||
Түйе | Ірі қара малға | Жылқы | Ірі қара төлі | Есек | Ешкі | Қой | |||
Шөл және шөлейтті аймақта мал жайғаны үшін бір басқа төлемақы ставкасы (теңге) | 847 | 678 | 678 | 339 | 339 | 593 | 169 | ||
Далалы аймақта мал жайғаны үшін бір басқа төлемақы ставкасы (теңге) | 363 | 290 | 290 | 145 | 145 | 254 | 73 | ||
Таулы аймақта мал жайғаны үшін бір басқа төлемақы ставкасы (теңге) | 182 | 146 | 146 | 73 | 73 | 127 | 36 |
Жамбыл облысы маслихатының 2018 жылғы "29" маусымдағы № 24-9 шешіміне 3 қосымша |
Аңшылық шаруашылығының қажеті үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарда облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану үшін төлемақы ставкалары
№ | Орман пайдаланудың түрлері | Өлшем бірлігі | Төлемақы ставкалары (теңге) |
Ұзақ мерзімге пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін) | |||
1 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылық қажеті үшін пайдалану | 1 гектар | 0 |
2 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру мақсатында пайдалану | 1 гектар | 64 |
3 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, туристік және спорттық мақсатында пайдалану | 1 гектар | 239 |
Қысқа мерзімге пайдалану (1 жылға дейін) | |||
4 | Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсатында пайдалану | 1 күн | 0,1 айлық есептік көрсеткіш |
Жамбыл облысы маслихатының 2018 жылғы "29" маусымдағы № 24-9 шешіміне 4 қосымша |
Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде дәрілік өсімдіктерді, қамыс пен саңырауқұлақтарды жинау және дайындау үшін төлемақы ставкалары
№ | Өсімдіктердің атауы (қазақша) | Шикізат түрі | Нарықтық бағасы теңгемен 1 килограмм үшін (құрғақ күйде) | Есепке қолданылатын баға, 1 килограмм үшін теңгемен | Төлемақы ставкаларының деңгейі пайызбен | Есептелген төлемақы ставкасы теңгемен |
1 | Дәрілік жалбызтікен | тамыры | 2000 | 1100 | 20 | 220 |
2 | Бөрі қарақат | тамыры жапырағы жемістері | 3500 | 1925 | 30 | 578 |
3 | Құмды салаубас (бесмертник -цмин) | гүлдері | 3000 | 1650 | 30 | 495 |
4 | Алқызыл долана | гүлдері жемістері | 1700 | 935 | 20 | 187 |
5 | Күмәнді валериана | тамыры | 8000 | 4400 | 20 | 880 |
6 | Айланшөп таран | шөп | 2200 | 1210 | 30 | 363 |
7 | Биік андыз | тамыр | 2000 | 1100 | 20 | 220 |
8 | Дәрі түйе жоңышқа | шөп | 3000 | 1650 | 30 | 495 |
9 | Кәдімгі жұпаргүл | шөп | 3300 | 1815 | 30 | 545 |
10 | Шілтер жапырақ шаңқурай | шөп | 2500 | 1375 | 30 | 413 |
11 | Қосүйлі қалақай | жапырағы | 3000 | 1650 | 30 | 495 |
12 | Кәдімгі өгейшөп | гүлдері жапырағы | 2000 | 1100 | 30 | 330 |
13 | Дала жалбыз | шөп | 2000 | 1100 | 30 | 330 |
14 | Дәрі бақбақ | тамыры | 4000 | 2200 | 20 | 440 |
15 | Кәдімгі түймешетен | гүлдері | 2000 | 1100 | 30 | 330 |
16 | Дала таушымылдық | тамыры | 4500 | 2475 | 20 | 495 |
17 | Үлкен бақа жапырақ | жапырағы | 2000 | 1100 | 30 | 330 |
18 | Ащы жусан | шөп жапырағы | 1500 | 825 | 30 | 248 |
19 | Дәрілік түймедақ (ромашка) | гүлсебеті | 3000 | 1650 | 30 | 495 |
20 | Кәдімгі мыңжапырақ | шөп | 2300 | 1265 | 30 | 380 |
21 | Дала қырықбуыны | шөп | 2300 | 1265 | 30 | 380 |
22 | Сасық кереуік | тамыры | 4000 | 2200 | 20 | 440 |
23 | Үштармақ итошаған | шөп | 1800 | 990 | 30 | 297 |
24 | Шөлдік шалфей | жапырағы | 1800 | 990 | 30 | 297 |
25 | Итмұрын раушан | жемістері | 2000 | 1100 | 40 | 440 |
26 | Сұңғұла | тамыры | 3000 | 1200 | 20 | 240 |
26 | Мия тамыры | тамыры | 1000 | 550 | 20 | 110 |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қамысты жинау және дайындау үшін төлемақы ставкалары
№ | Өсімдіктің атауы (қазақша) | Шикізат түрі | 1 текше метр үшін нарықтық төлемақы ставкасы теңгемен | Төлемақы ставкаларының деңгейі пайызбен | Есептелген төлемақы ставкасы теңгемен |
28 | Қамыс | өзегі | 180 | - | 180 |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде саңырауқұлақ жинау және дайындау үшін төлемақы ставкалары.
№ | Өсімдіктің атауы (қазақша) | Шикізат түрі | Нарықтық бағасы теңгемен, 1 килограмм үшін дымқыл күйде | Есепке қолданылатын баға, 1 килограмм үшін теңгемен | Төлемақы ставкаларының деңгейі пайызбен | Есептелген төлемақы ставкасы теңгемен |
29 | Саңырауқұлақ | қалпақша | 650 | 358 | 30 | 107 |