Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын бекіту

Күшін жойған

Жамбыл облысы мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 38-11 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 шілдеде № 2699 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 24-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы мәслихатының 29.06.2018 № 24-9 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 506 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 14 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындауға төлемақы ставкалары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін төлемақы ставкалары 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Аңшылық шаруашылығының қажеттіліктері үшін, ғылыми–зерттеу, мәдени–ағарту, туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттарда мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану үшін төлемақы ставкалары 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде дәрілік өсімдіктерді жинау және дайындау үшін төлемақы ставкалары мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қамысты жинау және дайындау үшін төлемақы ставкалар 4 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      5. "Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 32-8 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1776 болып тіркелген, "Ақ жол" газетінде 2011 жылдың 28 сәуірінде № 69-70 (17 359-17 360) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың Облыстық
      мәслихаттың сессия төрағасы хатшысы
      С. Қалманбетов Б. Қарашолақов

      Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 38-11 "Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын бекіту" туралы шешіміне келісу парағы.

      "Келісілді"

      Жамбыл облысы бойынша

      мемлекеттік кірістер

      департаментінің басшысы

      А. Тынысбеков

      2015 жыл.

      "Келісілді"

      Жамбыл облыстық орман шаруашылығы

      және жануарлар дүниесі аумақтық

      инспекциясының басшысы

      Қ. Кемелов

      2015 жыл.

  Жамбыл облыстық аслихатының
2015 жылғы 25 маусымдағы
№ 38-11 шешіміне 1 қосымша

Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындауға төлемақы ставкалары

Қосалқы ағаш ресурстары

Өлшем бірлігі

Ресурстарды дайындау үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш)

1

Аққайың:
қабық
бұтақтар
жапырақтар
бүршіктері
түбірлер
тамырлар

тонна
тонна
тонна
тонна
тонна
килограмм

0,016
0,032
0,008
0,048
0,024
0,016

2

Емен:
қабық
бұтақтар
жапырақтар
бүршіктері
түбірлер
тамырлар

тонна
тонна
тонна
тонна
тонна
килограмм

0,041
0,082
0,0205
0,123
0,0615
0,041

3

Қарағаш:
қабық
бұтақтар
жапырақтар
бүршіктері
түбірлер
тамырлар

тонна
тонна
тонна
тонна
тонна
килограмм

0,014
0,028
0,007
0,042
0,021
0,014

4

Терек:
қабық
бұтақтар
жапырақтар
бүршіктері
түбірлер
тамырлар

тонна
тонна
тонна
тонна
тонна
килограмм

0,011
0,022
0,0055
0,033
0,0165
0,011

  Жамбыл облыстық маслихатының
2015 жылғы 25 маусымдағы
№ 38-11 шешіміне 2 қосымша

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін төлемақы ставкалары

Пайдалану түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкасы (теңге)

1

Ара ұялары мен омарталар орналастыру

1 ұя

120,3

2

Мемлекеттік орман қоры аумағында шөп шабу:
сапалық жай – күйі жақсы
сапалық жай – күйі орта
сапалық жай – күйі төмен

1 гектар
1 гектар
1 гектар

196,3
147
114

3

Мемлекеттік орман қоры аумағында мал жаю:
жақсы сапалы жайылымдар
орта сапалы жайылымдар
төмен сапалы жайылымдар

1 гектар
1 гектар
1 гектар

144
108
84

4

Аң өсіру

1 гектар

239,9

  Жамбыл облыстық маслихатының
2015 жылғы 25 маусымдағы
№ 38-11 шешіміне 3 қосымша

Аңшылық шаруашылығының қажеттіліктері үшін, ғылыми–зерттеу, мәдени–ағарту, туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттарда мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану үшін төлемақы ставкалары

Орман пайдаланудың түрлері

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкалары

Ұзақ мерзімге пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін)

1

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылық қажетіне пайдалану

1 гектар

0 тенге

2

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру мақсатына пайдалану

1 гектар

60,1 теңге

3

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, туристік және спорттық мақсатында пайдалану

1 гектар

239,9 теңге

Қысқа мерзімге пайдалану (1 жылға дейін)

4

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсатында пайдалану

1 күн

0,1 айлық есептік көрсеткіш

  Жамбыл облыстық маслихатының
2015 жылғы 25 маусымдағы
№ 38-11 шешіміне 4 қосымша

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде дәрілік өсімдіктерді жинау және дайындау үшін төлемақы ставкалары

Өсімдіктің атауы (қазақша)

Шикізат түрі

Нарықтық бағасы теңге 1 килограмм үшін

Төлемақы ставкаларының деңгейі %

Есептелген төлемақы ставкаларының соммасы, теңге

1

Дәрілік жалбызтікен

Тамыры

900

20

180

2

Бөрі қарақат

Тамыры Жапырағы Жемістері

1500

30

450

3

Құмды бесмертник (цмин)

Гүлдері

800

30

240

4

Алқызыл долана

Гүлдері Жемістері

180

20

36

5

Күмәнді валериана

Тамыры

3000

20

600

6

Айланшөп таран

Шөп

1000

30

300

7

Биік андыз

Тамыр

1500

20

300

8

Дәрі түйе жоңышқа

Шөп

1500

30

450

9

Кәдімгі жұпаргүл

Шөп

800

30

240

10

Шілтер жапырақ шаңкурай

Шөп

800

30

240

11

Қосүйлі қалақай

Жапырағы

1000

30

300

12

Кәдімгі өгейшөп

Гүлдері Жапырағы

800

30

240

13

Дала жалбыз

Шөп

800

30

240

14

Дәрі бақбақ

Тамыры

3000

20

600

15

Кәдімгі түймешетен

Гүлдері

800

30

240

16

Дала таушымылдық

Тамыры

1500

20

300

17

Үлкен бақа жапырақ

Жапырағы

800

30

240

18

Ашщы жусан

Шөп жапырағы

700

30

210

19

Дәрілік ромашка

Гүлсебеті

1320

30

396

20

Кәдімгі мыңжапырақ

Шөп

800

30

240

21

Дала қырықбуыны

Шөп

800

30

240

22

Сасық кереуік

Тамыры

2000

20

400

23

Үштармақ итошаған

Шөп

700

30

210

24

Шөлдік шалфей

Жапырағы

700

30

210

25

Итмұрын раушан

Жемістері

1000

20

200

26

Сұңғыла

Тамыры

546

30

163

27

Мия тамыры

Тамыры

209

30

62

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қамысты жинау және дайындау үшін төлемақы ставкалары

Өсімдіктің атауы (қазақша)

Шикізат түрі

Нарықтық бағасы теңге 1 шаршы метр

Төлемақы ставкаларының деңгейі %

Есептелген төлемақы ставкаларының соммасы, теңге

28

Қамыс

Өзегі

594

20

118


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады