"Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі №20-3 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 39-2 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 сәуірде № 2619 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 қарашадағы № 34-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 21.11.2022 № 34-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 20-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2017 болып тіркелген, 2013 жылғы 9 қазанда № 98-99 "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      5 тармағы жаңа редакциада мазмұндалсын:

      "Атаулы және мереке күндеріне бір рет әлеуметтік көмек:

      9 мамырға:

      - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      - қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      - екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      - қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне) 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;

      - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай- ақ 1941 жылғы 22 маусым -1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

      15 ақпанға:

      - Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      - Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 15000 (он бес мың) теңге көлемінде;

      - 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

      сәуірде:

      - 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      - 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасына 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

      29 тамызға:

      - Азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде".

      6 тармақ келесі басылымда жазылсын:

      "6. Өтініші бойынша бір рет әлеуметтік көмек:

      - туберкулез ауыруымен ауыратын азаматтарға (отбасыларына), амблуториялық жағдайда ем жалғастырушы тұлғаларға жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда ай сайын әр науқасқа 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

      - табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен болған жағдайда арнайы комиссия белгілеген 100 айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі.

      - табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде мұқтаж азаматтар бір ай ішінде уәкілетті органға өтініш береді.".

      - бір жолғы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын санаттағы азаматтар (отбасылар) үшін әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда 25 000 (жиырма бес мың) теңгеден 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі мөлшерде көрсетіледі;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау" жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы А. Исабаев
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Н. Укибаев

О внесении изменений и дополнения в решение Байзакского районного маслихата от 10 сентября 2013 года №20-3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району"

Решение маслихата Байзакского района Жамбылской области от 20 апреля 2015 года № 39-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 23 апреля 2015 года № 2619. Утратило силу решением Байзакского районного маслихата Жамбылской области от 21 ноября 2022 года № 34-5

      Сноска. Утратило силу решением Байзакского районного маслихата Жамбылской области от 21.11.2022 № 34-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" № 504 от 21 мая 2013 года районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Байзакского районного маслихата от 10 сентября 2013 года № 20-3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2017, опубликовано в районной газете "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" № 98-99 от 9 октября 2013 года) следующие изменении и дополнения:

      В Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "Единовременная социальная помощь к памятным датам и праздничным дням предоставляется:

      к 9 мая:

      - участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      - гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда" в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге;

      - бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, Гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге;

      - женам (мужьям) умерших инвалидов войны и приравненных к ним инвалидов, а также женам (мужьям) умерших участников войны, партизан, подпольщиков, граждан, награжденных медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в другой брак в размере 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      - лица награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную войнскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также лица проработавшие прослужившие не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную войнскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге.

      к 15 февраля:

      - военнослужащим, проходившим воинскую службу в Афганистане и военнослужащим, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья при прохождении воинской службы в Афганистане в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге;

      - семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане в размере 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      - рабочим и служащим, направлявшимся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года в размере 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге.

      к 26 апреля:

      - лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах и ставшим инвалидами вследствие аварии на Чернобыльской атомной электростанции в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге;

      - участникам ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988-1989 годах в размере 15 000 (пятнадцать тысяч)

      к 29 августа:

      - лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях и учениях в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге".

      Пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Единовременная социальная помощь по обращениям предоставляется:

      - гражданам (семьям), имеющим месячный среднедушевой доход, ниже стоимости от прожиточного минимума больным туберкулезам, продолжающим лечение в амбулаторных условиях, на каждого больного в размере по 5 000 (пять тысяч) тенге в месяц.

      - гражданам (семьям), имеющим месячный среднедушевой доход, не превыщающий 60 процентов от прожиточного минимума при причинении ущерба гражданину (семье) либо его имуществу, вследствие стихийного бедствия или пожара, в пределах до 100 месячного расчетного показателя, определяемым специальной комиссией;

      - при причинении ущерба гражданину (семье) либо его имуществу, вследствие стихийного бедствия или пожара, нуждающиеся граждане в течение месяца обращаются за социальной помощью в уполномоченный орган.".

      - гражданам (семьям), имеющим месячный среднедушевой доход, не превыщающий 60 процентов от прожиточного минимума, при наступлении необходимости оказания социальной помощи размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия в пределах от 25 000 (двадцать пять тысяч) тенге до 80 000 (восемьдесят тысяч) тенге.

      2. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию Байзакского районого маслихата по вопросам "Территориального экономического развития, финансов, бюджета, административной территориальной структуре, защиты прав человека и рассмотрение проектов договоров о закупов участков земли".
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата А. Исабаев
      Секретарь районного
      маслихата Н. Укибаев