Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 07.02.2019 № 42-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Меркі аудандық маслихатының 20.05.2016 № 3-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386 бабының 5 тармағына және 444 бабының 1 тармағына сәйкес Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Меркі аудандық маслихатының 20.05.2016 № 3-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Меркі аудандық маслихатының 20.05.2016 № 3-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
3. Осы шешімінің орындалуына бақылау аудандық мәслихатының жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Ғ. Қажығалиева | І. Ахметжанов |