Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 ақпандағы № 42-2 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 ақпанда № 4099 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 509 бабының 5 тармағына, 704 бабының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      3. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 43-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2836 болып тіркелген, аудандық "Меркі тынысы – Меркенский вестник" газетінде 2015 жылдың 4 қарашасында жарияланған) және "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 43-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3118 болып тіркелген, аудандық "Меркі тынысы – Меркенский вестник" газетінде 2016 жылдың 1 маусымында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік – экономикалық, қаржы, бюджет пен салық және жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық - инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Н. Дүйсебаева
      Аудандық мәслихат хатшысы І. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады