"Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 43-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3-4 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 маусымда № 3118 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 ақпандағы № 42-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 07.02.2019 № 42-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1."Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 43-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 2836 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 107-108 аудандық "Меркі тынысы – Меркенский вестник" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы";

      аталған шешімнің кіріспесіндегі "387 бабының 1-1 тармағына" деген сөздер "386 бабының 5 тармағына деген сөздермен ауыстырылсын;

      аталған шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жызылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың сәулет және құрылыс, энергетиканы, көлік пен байланысты, ауыл шаруашылығы

      мен кәсіпкерлікті дамыту, жер ресурстарын пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Сейсенбаев
      Мәслихат хатшысы І. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады