Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 04.10.2018 № 31/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Теміртау қаласы әкімінің бір салық салынатын нысанға тіркелген салық мөлшерлемесін өзгерту жөніндегі ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі 15 сессиясының № 15/5 "Салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2339 нөмірімен тіркелген, "Новый Теміртау" газетінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 22 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
мәслихат хатшысы | В. Свиридов |
КЕЛІСІЛДІ
Теміртау қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы
____________А.Д. Нұрпейісов
"9" маусым 2015 жыл
| |||||||||
|
Теміртау қаласында орналасқан салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшері
Рет № | Салық салу объектісінің атауы | Айына 1 объектіге белгіленген тіркелген салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 7 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 25 |
5 | Карт | 7 |
6 | Бильярд үстелі | 7 |