Нысаналы топтардың қосымша тізбесі туралы

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 20/05 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 маусымда № 3247 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 04/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 11.02.2016 № 04/04 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабын басшылыққа ала отырып, нысаналы топқа жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) орта арнайы және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;
      4) қырық бес жастан асқан жұмыссыздар.
      2. Балқаш қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 26/05 "Нысаналы топтардың қосымша тізбесі туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу нөмірі № 2683, 2014 жылғы 18 шілдедегі № 76-77 (12183) "Балқаш өңірі", № 75-76 (1254) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Саягуль Жаксылыққызы Жаксылыковаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
А. Райымбеков

      

О дополнительном перечне целевых групп

Постановление акимата города Балхаш Карагандинской области от 21 мая 2015 года № 20/05. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 10 июня 2015 года № 3247. Утратило силу постановлением акимата города Балхаш Карагандинской области от 11 февраля 2016 года № 04/04

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Балхаш Карагандинской области от 11.02.2016 № 04/04 (вводится в действие после его первого официального опубликования).
      Руководствуясь статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 5 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях оказания социальной поддержки безработным гражданам, относящимся к целевым группам акимат города Балхаш ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить дополнительный перечень лиц, относящихся к целевым группам:
      1) лица, длительное время (более года) не работавшие;
      2) молодежь в возрасте до двадцати девяти лет;
      3) выпускники средних специальных и средних профессиональных учебных заведений;
      4) безработные старше сорока пяти лет.
      2. Признать утратившим силу постановление акимата города Балхаш от 19 июня 2014 года № 26/05 "О дополнительном перечне целевых групп" (регистрационный номер в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 2683, опубликован в газетах "Балқаш өңірі" № 76-77 (12183) и "Северное Прибалхашье" № 75-76 (1254) от 18 июля 2014 года).
      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Балхаш Жаксылыкову Саягуль Жаксылыковну.
      4. Настоящее постановление вводится в действие после его первого официального опубликования.

Акима города
А. Райымбеков