Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабын басшылыққа ала отырып, нысаналы топқа жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) орта арнайы және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;
4) қырық бес жастан асқан жұмыссыздар.
2. Балқаш қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 26/05 "Нысаналы топтардың қосымша тізбесі туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу нөмірі № 2683, 2014 жылғы 18 шілдедегі № 76-77 (12183) "Балқаш өңірі", № 75-76 (1254) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Саягуль Жаксылыққызы Жаксылыковаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Райымбеков |