Нысаналы топтардың қосымша тізбесі туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 26/05 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 шілдеде № 2683 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 20/05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 21.05.2015 № 20/05 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабын басшылыққа ала отырып, нысаналы топқа жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) орта арнайы және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;
      4) қырық бес жастан асқан жұмыссыздар.
      2. Балқаш қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 13/04 "Нысаналы топтардың қосымша тізбесі туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу нөмірі № 2321, 2013 жылғы 15 мамырдағы № 50 (12013) "Балқаш өңірі", № 49 (1086) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Саягуль Жаксылыққызы Жаксылыковаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің
      міндетін атқарушы                          Н. Мәжітов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады