Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабын басшылыққа ала отырып, нысаналы топқа жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
2) қырық бес жастан асқан жұмыссыздар;
3) емделу курсынан және оңалтудан өткен нашақорлыққа тәуелді тұлғалар.
2. Балқаш қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 20/05 "Нысаналы топтардың қосымша тізбесі туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу нөмірі № 3247, 2015 жылғы 17 маусымдағы № 64 (12314) "Балқаш өңірі", № 64 (1385) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Саягуль Жаксылыққызы Жаксылыковаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Аглиулин |