Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 02 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 сәуірде № 3136 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 17.04.2015 № 03 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 1 хаттамасы негізінде, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облысы Абай ауданының Абай қаласында, Қарабас кентінде, Көксу ауылдық округінде, Құлаайғыр ауылдық округінде, Сәрепті ауылында, Курмин ауылдық округінде, Юбилейное ауылында, Қарағанды ауылдық округінде, Есенгелді ауылдық округінде, Самарка ауылдық округінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 17.04.2015 № 03 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Төтенше жағдайларды жою комиссиясының басшысы болып Абай ауданы әкімінің орынбасары Жәкенов Айдос Ғибадуллаұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Абай ауданының әкімі

С. Шайдаров


Об объявлении чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера

Решение акима Абайского района Карагандинской области от 10 апреля 2015 года № 02. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 13 апреля 2015 года № 3136

      Сноска. Заголовок решения - в редакции решения акима Абайского района Карагандинской области от 17.04.2015 № 03 (вводится в действие  со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", на основании протокола заседениия комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций при акимате Абайского района Карагандинской области от 9 апреля 2015 года № 1, аким Абайского района РЕШИЛ:
      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного и техногенного характера в городе Абай, поселке Карабас, Коксунском сельском округе, Кулайгырском сельском округе, селе Сарепта, Курминском сельском округе, селе Юбилейном, Карагандинском сельском округе, Есенгельдинском сельском округе, Самарском сельском округе Абайского района Карагандинской области
      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения акима Абайского района Карагандинской области от 17.04.2015 № 03 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации назначить заместителя акима Абайского района Жакенова Айдоса Гибадуллаевича и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Абайского района

С. Шайдаров