Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің әкімінің 22.08.2024 № 4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармағына сәйкес Сарышаған кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ірі қара малдың арасынан құтыру ауруының шығуына байланысты Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің Қаражыңғыл станциясы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарышаған кентінің әкімі | М.К. Абикеев |