"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Занының 27-бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің Қаражыңғыл станциясының аумағында ірі қара мал арасында құтыру ауруын жою жөніндегі ветеринариялық-санитариялық шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған кенті әкімінің "Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің Қаражыңғыл станциясы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2015 жылғы 25 ақпандағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2998 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарышаған кентінің әкімі | А. Тоимбеков |