Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің Қаражыңғыл станциясы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының Сарышаған кентінің әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 ақпанда № 2998 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің әкімінің 2024 жылғы 22 тамыздағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің әкімінің 22.08.2024 № 4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармағына сәйкес Сарышаған кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ірі қара малдың арасынан құтыру ауруының шығуына байланысты Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің Қаражыңғыл станциясы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.

      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Сарышаған кентінің әкімі

М.К. Абикеев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады