Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5 тармақшасына және 20 бабының 5 тармағы 5 тармақшасына негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын іске асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері, қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. "Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.А.Тулеуова):
1) қоғамдық жұмыстар өткізуге аудан бюджетінде 2016 жылға көзделген қаражат шегінде бекітілген тізбеге сәйкес, жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа жіберуді жүзеге асырсын;
2) қоғамдық жұмыстарды орындауға ұйымдармен шарт жасаған кезде кейінгі жұмысқа орналастырылу мүмкіндігін көздесін;
3) қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың еңбекақысы жергілікті бюджет қаражатынан, жұмыспен өтілген уақытына екінші деңгейлі банктерде енгізу жолымен жұмыссыздардың жеке шотына төленсін;
4) қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздардың еңбекақысы ең төменгі бір жалақы мөлшерінде төленсін;
5) қоғамдық жұмыстарға жіберілген бір жұмыссыздың жұмыс уақытының ұзақтығы – аптасына 40 сағаттан аспауы, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген шектеулер ескеріліп, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен екі демалыс күні бекітілсін.
3. "Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Е.Е.Теміров) қоғамдық жұмыстарға жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысына ақшалай қаражатты уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рымбайұлына Ламбековке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таралады.
Осакаров ауданының әкімі міндетін атқарушы |
Қ. Шайжанов |
Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 68/01 қаулысына қосымша |