Осакаров ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы "Ауданда 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 68/01 қаулының күшін жою туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 27/03 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы "Ауданда 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" №68/01 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3621 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтардағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі, 2016 жылғы 30 қаңтардағы "Сельский труженик" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы В.Абилсеитоваға жүктелсін.
      Аудан әкімі Қ. Шайжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады