Ауданда 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 68/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қаңтарда № 3621 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 27/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 31.05.2016 № 27/03 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5 тармақшасына және 20 бабының 5 тармағы 5 тармақшасына негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын іске асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері, қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
      2. "Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.А.Тулеуова):
      1) қоғамдық жұмыстар өткізуге аудан бюджетінде 2016 жылға көзделген қаражат шегінде бекітілген тізбеге сәйкес, жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа жіберуді жүзеге асырсын;
      2) қоғамдық жұмыстарды орындауға ұйымдармен шарт жасаған кезде кейінгі жұмысқа орналастырылу мүмкіндігін көздесін;
      3) қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың еңбекақысы жергілікті бюджет қаражатынан, жұмыспен өтілген уақытына екінші деңгейлі банктерде енгізу жолымен жұмыссыздардың жеке шотына төленсін;
       4) қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздардың еңбекақысы ең төменгі бір жалақы мөлшерінде төленсін;
       5) қоғамдық жұмыстарға жіберілген бір жұмыссыздың жұмыс уақытының ұзақтығы – аптасына 40 сағаттан аспауы, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген шектеулер ескеріліп, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен екі демалыс күні бекітілсін.
      3. "Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Е.Е.Теміров) қоғамдық жұмыстарға жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысына ақшалай қаражатты уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рымбайұлына Ламбековке жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таралады.
      Осакаров ауданының әкімі
міндетін атқарушы
Қ. Шайжанов

  Аудан әкімдігінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 68/01 қаулысына қосымша

Жұмыссыздарға ұйымдастырылатын 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыс көлемдері мен түрлері, ұйымдардың Тізбесі


Ұйымдар және мекемелердің атауы
Адам саны
Жұмыстар мен қызметтердің түрлері
Жұмыстардың ұзақтығы (ай)
Жұмыстардың көлемі
1
Кенттер мен ауылдық округтар әкімдерінің аппараттары
337
Тұрғындардың үйлерін аралау, ауылдық округтердің, кенттердің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу, статистикалық тексеріс;
1-6
 
9325 аула
 
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына елді мекендерге, бейттер аумағын жинауға көмек;
0,5-3
 
 
жолдар салу және жөндеу, су коммуникациясының төселімі, мелиорация жұмысын өткізу;
1-3
 
200 километр
 
тұрғын үйді, сондай-ақ әлеуметтік мәдени мақсатындағы нысандарды салуға, күрделі жөндеуге қатысу;
1-3
 
24 нысан
 
ескерткіштерді күзету және қалпына келтіру;
0,5
8 ескерткіш
аймақты экологиялық сауықтандыру ("Жасыл ел", "Ағаш отырғызу");
0,5
 
1500 дана
 
айтулы, мерейтой күндері бойынша мерекелерді өткізу мәдени мақсатындағы ауқымды іс-шараларын ұйымдастыруға көмек;
1
 
 
қоғамдық пікір сұрастыру, республикалық, аймақтық қоғамдық компанияларға көмек;
1-6
 
 
жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет және күтім көрсету.
0,5-3
 
77 адам
 
2
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын "Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Осакаров ауданы әкімдігінің аудандық мәдени – сауықтыру орталығы"
5
Мәдени және демалыс орталық саябағының аумағын көркейту, көгалдандыру, тазарту.
2
7 гектар
1400 дана
3
"Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарттарға және мүгедектерге үйде күндізгі күтім бөлімі
      6
 
Айтулы мерейтой күндері бойынша мерекелерді өткізу мәдени мақсатындағы ауқымды іс-шараларын ұйымдастыруға көмек;
2
 
 
16
 
әлеуметтік қызмет: үй аралау, материалдық - тұрмыстық актілерді жасау, құжаттарды тігу, істерді қалыптастыру.
2
58 аула
58 акт
58 іс
4
"Осакаров ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі
6
Азаматтарды шақыруды ұйымдастыруда техникалық көмек көрсету (жеке істерді тігу, шақыру қағаздарын тарату).
3
3500 дана
8500 дана
5
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Осакаров ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі
9
Жерге, көлік құралдарына, мүлікке салық төлеу жөніндегі түбіртектерді, хабарламаларды жазу және (аулаларға) жеткізу.
3
5000 дана
3000 дана
10000 дана
6
"Осакаров ауданының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі
4
Нарядтар мен істерді тігу, қалыптастыру, мұрағат құжаттары мен тізімдерді құрастыру;
мұрағатқа тапсыру үшін құжаттарды қалыптастыру және мұрағат құжаттарын өңдеу.
3
2000 дана
7
"Осакаров ауданының
әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі
4
Мұрағат кітаптарын ішінара жаңғырту, кітаптарды тігуге дайындау және жиынтықтау, үй аралау, сұратулар бойынша іздеу.
3
18000 дана
4560 аула
3000 сұрау
8
"Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі
4
Мұрағат құжаттары мен тізімдерін құрастыру, істерді тігу, қалыптастыру.
3
2000 дана
9
"Осакаров ауданының
ішкі істер бөлімі"
5
Мұрағат құжаттары мен тізімдерін құрастыру, істерді тігу, қалыптастыру.
3
2000 дана
10
"Осакаров ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
2
Мұрағат құжаттары мен тізімдерін құрастыру, істерді тігу, қалыптастыру.
3
2000 дана

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады