"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы "10" шілдедегі № 79 қаулысымен бекітілген |
"Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қызылорда облысының халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) "Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) "Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Психикалық-жүйке ауруларының интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қазалы психикалық-жүйке ауруларының интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Балаларға арналған психоневрологиялық интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) "Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Мүгедектерге арналған оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
3. Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. Басқармаға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
4. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
6. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
7. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
9. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
10. Заңды тұлғаның тұрған жері: индекс 120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, № 47.
11. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
12. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
13. Басқарманың қызметін каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
14. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. Басқарманың миссиясы: азаматтардың еңбек, жұмыспен қамту, көші-қоны және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы конституциялық кепілдіктері мен құқықтырын қамтамасыз ету арқылы Қызылорда облысы халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға ықпал ету.16. Негізгі міндеттері: өз құзіреті шегінде еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
17. Функциялары:
1) жұмыспен қамту саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды анықтау туралы ұсыныс енгізеді;
3) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы ұсыныс енгізеді;
4) облыс аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру сондай-ақ, аталған рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
5) өз құзіреті шегінде халықтың көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
6) халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға еңбек ресурстарының қажеттілігін ескере отырып, ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
7) халықтың көшi-қон мәселелерi жөнiндегi уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
8) еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының азаматтарынан қоныс аударушы мәртебесiн беруге және iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгiзуге қажеттi құжаттарымен қоса берген өтiнiштi қабылдайды;
10) қоныс аударушы мәртебесiн беру, iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгiзу және iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгiзiлген қоныс аударушыларға бiржолғы жәрдемақылар төлеуді тағайындау туралы шешiм қабылдайды;
11) қоныс аударушы куәліктерін береді;
12) оралмандарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарының, уақытша орналастыру орталықтарының қызметiн ұйымдастырады;
13) жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды береді, сондай-ақ, көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және қайтарып алады;
14) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын шетелдік қызметкерлерге халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегінде облыс аумағында жұмысқа орналасуға рұқсаттарды береді, сондай-ақ, көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және қайтарып алады;
15) оралмандарды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
16) этникалық қазақтардан оралман мәртебесiн беру туралы қажеттi құжаттарымен қоса берген өтiнiштi қабылдайды;
17) оралман мәртебесiн беру туралы шешiм қабылдайды;
18) оралман куәлiктерiн бередi;
19) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді атқарады;
20) халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;
21) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды үйлестіреді;
22) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданады;
23) азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
24) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
25) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттiк органдармен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
26) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететiн субъектiлердiң арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсетуді қамтамасыз етеді;
27) халықтың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктерiне талдау жүргiзудi қамтамасыз етеді;
28) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету жүйесiн дамыту жөнiнде шараларды қабылдайды;
29) арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнен тыс көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң қосымша көлемiн көрсетудiң тiзбесi мен тәртiбiн әзiрлейдi және оларды облыстың өкілді органның бекітуіне ұсынады;
30) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді қөрсету бойынша мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орналастырады;
31) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;
32) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тиiстi аумақта медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтуды ұйымдастырады;
33) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз етеді;
34) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
35) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзудi ұйымдастырады;
36) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мәдени-көпшiлiк және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
37) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiреді;
38) жұмыс берушiлердiң өңiрлiк бiрлестiктерiмен және қызметкерлердiң өңiрлiк бiрлестiктерiмен өңiрлiк келiсiмдер жасайды;
39) көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбек нормаларын және еңбегiне ақы төлеу жүйесiнiң параметрлерiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен қарайды және келiседi;
40) өз құзіреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асырады;
41) жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарайды, олардың орындалуын бақылайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар береді;
42) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастырады;
43) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) Басқарма өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру барысында заңнамада бекiтiлген тәртiппен:
мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы.
2) Басқарма:
жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
19. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.20. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
22. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;
2) өз құзіреті шегінде барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманы бiлдiредi;
3) еңбек қатынастары мәселелерi өз құзіретіне жататын Басқарма қызметкерлерiн заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
5) еңбек қатынастары мәселелері өз құзіретіне жататын Басқарма қызметкерлерiне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
6) бұйрықтарға қол қояды;
7) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
8) шарттар жасасады;
9) сенімхаттар береді;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
11) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
12) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
13) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
14) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
15) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
16) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
18) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
24. Басқарманың жұмыс режимі:
1) Басқарма дүйсенбі және жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;
2) Басқарманың жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден сағат 19.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;
3) Басқарма сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
25. Басқарма мен облыс әкімдігі арасындағы, Басқарма әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
4. Басқарманың мүлкі
26. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
27. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
29. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.Басқарма таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.