Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 27.10.2023 № 57 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Орман кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Кодексінің 14-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары бекітілсін.
2. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 шілдедегі № 122 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4483 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2013 жылғы 10 тамыздағы № 117-118 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы " 16" қыркүйектегі № 301 шешіміне қосымша |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Төлем ставкасы (теңге) АЕК | |
Шөп шабу | ||||
1. | Шөп шабу | 1 гектар | 22,82 | |
Мал жаю | ||||
1. | Түйе | 1 бас-жылға | 153,53 | |
2. | Мүйізді ірі қара, жылқы | 1 бас-жылға | 122,82 | |
3. | Ұсақ мал (қой) | 1 бас-жылға | 30,71 | |
4. | Ұсақ мал (ешкі) | 1 бас-жылға | 107,47 | |
5. | Ірі қара малының жас төлі | 1 бас-жылға | 61,41 | |
3. Омарталар мен ара ұяларын орналастыру | ||||
1. | Омарталар мен ара ұясын орналастыру үшін |
1 ара ұясы- | 32,6 | |
4. Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттарында | ||||
1. | Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін | 1 гектар | 8,44 | |
5. Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттарында | ||||
1. | Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін | 1 адам -күн |
0,1 | |
6. Рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарында ұзақ | ||||
1. | Рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттары үшін | 1 гектар | 36,17 | |
7. Рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарында қысқа | ||||
1. | Рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін | 1 адам -күн |
0,1 |
8. Дәрі-дәрмектік өсімдіктер және техникалық шикізат жинау және дайындау үшін төлем ставкалары
Ескерту. 8-бөліміне өзгерістер енгізілді - Қызылорда облыстық мәслихатының 14.07.2017 № 133 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Өсімдіктер атауы | Шикізат түрі |
Шикізаттың шаруашылық | Өлшем бірлігі (құрғақ күйінде) | Төлем ставкасы (теңге) |
1. |
Жалаң мия | тамырлар | дәрілік | 1 килограмм | 62 |
2. | Сұңғыла | тамырлар | дәрілік |
1 килограмм | 600 |
3. | Сасық кереуік | тамырлар | дәрілік |
1 килограмм |
921 |
4. | Қамыс | өзегі | техникалық | 1 текше метр | 180 |
5. | Ши | өзегі | техникалық | 1 текше метр | 180 |
Ескерту: Қысқартылған атаудың мағынасын ашу: АЕК – Айлық есептік көрсеткіш.
Бекітілген орман пайдалану үшін төлем ставкалары кемінде 3 жылда бір рет қайта қаралады.