Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 шілдедегі N 122 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 07 тамызда N 4483 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі N 301 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 16.09.2015 N 301 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының Орман кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Кодексінің 14-бабына және"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 506-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облыстық мәслихатының
      18-сессиясының төрағасы А. Шоманов
      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы Б. Еламанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      Салық комитетінің Қызылорда облысы бойынша
      салық департаменті" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ___________________ А. Тілегенов
      2013 жылғы "10" шілде
      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны қорғау министрлігі Орман және
      аңшылық шаруашылығы комитетінің
      Қызылорда облыстық орман және
      аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы"
      Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ___________________ Ш. Төребаев
      2013 жылғы "10" шілде

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2013 жылғы "10" шілдедегі
N 122 шешіміне қосымша

Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары

N
Атауы
Өлшем бірлігі
Төлемақы ставкасы (теңге)
 
1. Шөп шабу
1.
Шөп шабу
1 гектар
22,82
 
2. Мал жаю
1
Түйе
1 бас-жыл
153,53
2
Мүйізді ірі қара, жылқы
1 бас-жыл
122,82
3
Ұсақ мал (қой)
1 бас-жыл
30,71
4
Ұсақ мал (ешкі)
1 бас-жыл
107,47
5
Ірі қара малының жас төлі
1 бас-жыл
61,41
 
3. Омарталар мен ара ұяларын орналастыру
1
Омарталар мен ара ұясын орналастыру үшін
1 ара ұясы-жыл
32,6
 
4. Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттарында ұзақ мерзімге пайдалану
1
Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін
1 гектар
8,44
 
5. Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсатында қысқа мерзімге пайдалану
1
Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін
1 адам-күн
0,1 (АЕК)
 
6. Рекреациялық, туристік мақсаттарында ұзақ мерзімге пайдалану
1
Рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттары үшін
1 гектар
36,17
 
7. Рекреациялық, туристік мақсаттарында қысқа мерзімге пайдалану
1
Рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттары үшін
1 адам-күн
0,1 (АЕК)

8. Дәрі-дәрмек өсімдіктер және техникалық шикізат жинау және дайындау үшін төлем ставкалары

N
Өсімдіктер атауы
Шикізат түрі
Шикізаттың шаруашылық маңызы
Өлшем бірлігі (құрғақ күйінде)
Төлем ставкасы (теңге)
1.
Жалаң мия
тамырлар
дәрілік
1 килограмм
200
2.
Сұңғыла
тамырлар
дәрілік
1 килограмм
1480
3.
Сасық кереуік
тамырлар
дәрілік
1 килограмм
921
4.
Қамыс
өзегі
техникалық
1 текше метр
180
5.
Ши
өзегі
техникалық
1 текше метр
180

      Ескерту: Қысқартылған атаудың мағынасын ашу: АЕК - Айлық есептік көрсеткіш
      Бекітілген орман пайдалану үшін төлем ставкалары кемінде 3 жылда бір рет қайта қаралады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады