Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 01.06.2018 № 210 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 530-бабының 3-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және Қызылорда қаласының аумағындағы жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшері екі есеге арттырылсын.
"Қызылорда қаласының аумағындағы жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкаларының мөлшерін арттыру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 122 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4218 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" газетінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 8 және "Кызылординские вести" газетінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 9 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық | Қызылорда облыстық |
мәслихатының | мәслихатының хатшысы |
39 сессиясының төрағасы | |
Р. Байназарова | А. Әлназарова |