"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жарнама обьектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін арттыру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 302 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5194 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 31 қазанда "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде, 2015 жылғы 10 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 20-сессиясының төрағасы |
К. Үйреков |
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы |
Н. Байқадамов |