Қызылорда қаласының аумағындағы жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкаларының мөлшерін арттыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 122 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 06 қаңтарда N 4218 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі N 302 шешімімен

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 16.09.2015 N 302 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 530-бабының 3-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қызылорда қаласының аумағындағы жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және Қызылорда қаласында орналастырылатын жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкаларының мөлшері екі есе арттырылсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облыстық мәслихатының
      ХІІ сессиясының төрағасы Қ. Әжібеков
      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы Н. Құдайбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады