Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 29.11.2017 № 121-18/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 27/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4639 тіркелген, 2014 жылдың 23 сәуірінде № 22-23 (1045-1046) "Ақмешіт ақшамы" газетінде, 2014 жылдың 23 сәуірінде № 17 (333) "Ел тілегі" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды";
1-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына";
1-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге";
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихатының | Қызылорда қалалық |
кезекті ХХХХІІІ | мәслихатының хатшысы |
сессиясының төрайымы | |
А. ЕРЕЖЕЕВА | И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ |