Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерiн айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 121-18/3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 желтоқсанда № 6079 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 280-53/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 20.12.2019 № 280-53/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. "Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерiн айқындау туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 27/3 шешiмiнің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4639 тіркелген, 2014 жылғы 23 сәуірде "Ақмешiт ақшамы" №22-23 (1045-1046) және "Ел тiлегi" №17(333) газеттерінде жарияланған), "Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерiн айқындау туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы №27/3 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 23 маусымдағы №43/5 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5052 тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Ақмешiт ақшамы" №54-55(1171-1172) және "Кызылорда таймс" №28(1283) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда қалалық мәслихатының
кезектен тыс ХVІІІ сессиясы
төрағасының міндетін атқарушы,
Қызылорда қалалық
мәслихатының хатшысы
Р. БОХАНОВА

  Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 29 қарашадағы №121-18/3 шешiмiне қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес әзірленді.

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қызылорда қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мұлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;

      2) тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алуақысын төлеуге.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11015 нөмірімен тіркелген) 1-қосымшасымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      4. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығына сәйкес уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері.

      5. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:

      1) электр энергиясын пайдалану 1 айға:

      1 адамға – 45 киловатт-сағат;

      2 адамға – 90 киловатт-сағат;

      3-4 адамға – 100 киловатт-сағат;

      5 және одан да көп мүшесі бар отбасына – 150 киловатт-сағат;

      2) газбен жабдықтау 1 айға:

      5 адамға дейінгі мүшесі бар отбасына – 10 килограмм;

      5 адамнан және одан да көп мүшесі бар отбасына – 20 килограмм;

      3) ыстық және салқын су – ай сайын 1 адамға тариф бойынша;

      4) тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:

      1 адамға – 18 шаршы метр;

      жалғыз тұратын адамдар үшін – 31 шаршы метр;

      5) жылумен жабдықтау ай сайын:

      1 адамға – 18 шаршы метр;

      жалғыз тұратын адамдар үшін – 31 шаршы метр;

      6) тұрмыстық қалдықтарды шығару - ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      7) кәріз қызметтері – ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      8) телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.

      9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде;

      10) отынды (көмірді) жылыту маусымында пайдалану – әр отбасына бір айға 0,5 тонна;

      11) лифт – әр отбасына тариф бойынша.

3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі.

      6. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының есеп шоттарына екінші денгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы және шоттарға ақшалай сомаларды аудару ай сайын жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады