"Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 27/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 43/5 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 шілдеде № 5052 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 27/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4639 тіркелген, 2014 жылдың 23 сәуірінде № 22-23 (1045-1046) "Ақмешіт ақшамы" газетінде, 2014 жылдың 23 сәуірінде № 17 (333) "Ел тілегі" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      1-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды";
      1-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына";
      1-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге";
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда қалалық мәслихатының Қызылорда қалалық
      кезекті ХХХХІІІ мәслихатының хатшысы
      сессиясының төрайымы
      А. ЕРЕЖЕЕВА И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады