"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына және Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 1 және 2015 жылғы 6 мамырдағы № 1 қорытындыларына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе бөлігіне өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 11.04.2024 № 52-қ бірлескен қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 11.04.2024 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Арал қаласының келесі көшелері мен тұйығы:
1) Ленинград көшесін Алданыш Халықұловтың есімімен;
2) Мостовая көшесін Әбдіқазы Баймырзаевтың есімімен;
3) Д.Менделеев көшесін Қайберен Каденовтың есімімен;
4) Б.Белинский көшесін Бержан Төремұратовтың есімімен;
5) А.Пушкин тұйығы Ғани Шектібаевтың есімімен қайта аталсын.
Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданының | Арал аудандық мәслихаттың |
әкімі | кезекті отыз сегізінші сессиясының |
төрағасы | |
А.С.Мұхимов | Ж.Жалғасбеков |
Арал аудандық мәслихатының | |
хатшысы | |
К.Данабай |